09 сәу, 2021 сағат 12:06

Қазақстан аумағында жер сілкінді

ҚР Білім және ғылым министрлігіне қарасты «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» ММ-нің сейсмикалық стансалар желісі 2021 жылғы 9 сәуір күні Алматы уақытымен 11 сағат 54 минут 46 секундта жерасты дүмпуін тіркеді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Жер сілкінісінің ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 230 шақырым қашықтықта, Қазақстан аумағында орналасқан. 

Жер сілкінісінің энергетикалық класы 8.8, магнитудасы – 4.0. 

Жерасты дүмпуі 15 километр тереңдікте болған. 

МSК-64 шкаласы бойынша жер сілкінісі Алматы қаласында сезілген жоқ.