27 қаң, 2023 сағат 21:22

Қазақстан Әзербайжанның Тегерандағы елшілігіне жасалған шабуылды айыптады

Фото: gov.kz

ҚР Сыртқы істер министрлігі 27 қаңтарда орын алған және дипломатиялық өкілдік қызметкерлерінің қаза болуы мен жаралануына әкеп соққан Әзербайжан Республикасының Тегерандағы Елшілігіне жасалған қарулы шабуылды қатаң айыптады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Қазақстан дипломатиялық миссиялар мен оның өкілдеріне қатысты зорлық-зомбылық пен агрессия актілерінің кез келген көрінісі қабылданбайды деп санайды. Мұндай шабуылдар халықаралық құқықтың негіздері мен нормаларын бұзады және жалпыға бірдей айыпталуға жатады деп санаймыз.

Әзербайжанның бауырлас халқына, сондай-ақ қаза тапқан Әзербайжан Республикасының азаматы Орхан Аскеровтың туыстары мен жақындарына қайғыра көңіл айтамыз. Зардап шеккен адамдардың тезірек сауығып кетуін тілейміз.

Иран Ислам Республикасының билігі бұл оқиғаны мұқият тергеп, кінәлілерді жазалау үшін тиісті шаралар қолданатынына сенімдіміз" - делінген мәлімдеме мәтінінде.