24 қаң, 2023 сағат 10:37

Қазақстан мектептерінде қазақ тілін білу деңгейі тексерілетін емтихан енгізіледі

Көрнекі фото: pexels.com

Мектептерде кейбір сыныптардың қазақ тілін білу деңгейі тексерілетін емтихан енгізіледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz сайты.

Оқу-ағарту министрлігі бұйрығының жобасы 3 ақпанға дейін жалғасатын қоғамдық талқылауға шығарылған.

"2023-2024 оқу жылынан бастап негізгі орта (5-8-сыныптар), жалпы орта (10-сынып) білім деңгейінде академиялық жылды аяқтаған кезде қазақ тілінде оқытатын мектептерде "Қазақ тілі" пәні бойынша және қазақ тілінде оқытпайтын мектептерде "Қазақ тілі мен әдебиеті" пәні бойынша емтихан енгізіледі", - делінген бұйрық жобасында.

Бұйрықта бұл жаңашылдық мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыру мақсатында "Қазақстан Республикасындағы тіл саясатын іске асырудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы" Үкімет қаулысын орындау үшін енгізілгені айтылған.