31 қаң, 2023 сағат 16:49

Қазақстан Ресейден 60 мың гектар жерді қайтарып алмақшы

Көрнекі сурет: kaz.orda.kz

Қазақстан Ресейге жалға берген 60 мың гектар жерді қайтарып алмақшы. Бұл туралы Orda.kz порталы LS сайтына сілтеме жасап хабарлады.

Қызылорда облысында мал жаюға 1,4 млн га жер жетіспейді. 350 мыңдай мал басы үшін 4 млн га жайылым қажет, қазір 2,6 млн га ғана бар.

– Ресеймен федерацияға жалға берілген Ақай, Төретам деген 60 мың гектарды қайтару туралы алдын ала келісім жасалды. Енді үкіметаралық комиссияның қарауына ұсынылады, – деді өңір әкімдігі.

Сонымен қатар, Экология және табиғи ресурстар министрлігіне орман қоры құрамынан 600 мың га жер бөлу ұсынылды. Бұл учаскелер 26 елді мекенге мал жаю үшін қажет. Әрі мақсаты бойынша пайдаланылмаған 9 мың гектар жерді жайылымға бөлу жоспарда бар.

Осыған дейін ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев 17 облыстың 15-де мал жаюға жер жетпейтінін айтқан болатын.