17 мам, 2023 сағат 10:54

Қазақстанда алдағы үш күнде ауа райы қандай болады?

Фото: goodfon.ru, Zhanna11

Синоптиктер 18-20 мамыр аралығындағы ауа райына қатысты болжам жасады, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Қазгидромет мәліметінше, Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы Оңтүстік циклон және онымен байланысты атмосфералық фронтал бөліктерге байланысты қалыптасады, жаңбыр, найзағай, бұршақ күтіледі. 18-20 мамырда солтүстік-батыста, орталықта, 18-19 мамырда оңтүстікте, 18-20 мамырда еліміздің оңтүстік-шығысында қатты жаңбыр болады деп болжанған. Сондай-ақ, республика бойынша желдің күшеюі күтіледі.

"Қазақстан бойынша температуралық фон жоғарылайды деп болжанған. Республиканың солтүстігінде, шығысында және орталығында түнгі уақытта 3 градусқа дейін үсік болжанады", - делінген хабарламада.