Қазақстанда 18 қыркүйекте 2781 адамның бойында коронавирус инфекциясы бар екені ПТР тест арқылы расталды. Бұл ақпаратты Қазақстан Денсаулық сақтау министрлігі таратты.
Індет таралымы жағынан Алматы қаласы (577 адам), Қарағанды облысы (374 адам), Нұр-Сұлтан қаласы (302) алғашқы орындарда тұр. Маңғыстау (16 адам), Түркістан (55 адам), Қызылорда облыстарында (67 адам) коронавируспен ауырғандар басқа аймақтармен салыстырғанда азырақ.
2020 жылдың көктемінен бері, яғни Қазақстанда індет басталғалы барлығы 860424 адам жұқтырған.
Қазақстанда өткен тәулікте 2909 адам коронавирустан емделіп шықты.
17 қыркүйектегі мәлімет бойынша, коронавирус инфекциясының белгілер бар пневмониямен 201 адам тіркеуге алынып, 5 адам қайтыс болған.
19 қыркүйектегі мәлімет бойынша елімізде 70 822 адам коронавирус инфекциясынан (62 248 КВИ+ және 8 574 КВИ-) емделіп жатыр. Оның ішінде: 13 095 пациент - стационарда, 57 727 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
КВИ+, КВИ- шалдыққандар арасында:
- 1 041 адамның жағдайы ауыр
- 264 пациенттің жағдайы өте ауыр
- 169 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.
Америкалық Джонс Хопкинс университетінің мәліметі бойынша, әлемде 227 млн адам коронавирус жұқтырып, оның 4,6 миллионы қайтыс болған.
