Фото: ult.kz
15-16 мамырда жергілікті уақыт бойынша Қазақстанда оқушылар мен студенттер арасында "қытай тілі көпірі-2025" байқауының финалы өтті, деп хабарлайды Ult.kz.
Іс - шараны Қазақстандағы Қытай Халық Республикасының Елшілігі мен Еуразия Ұлттық университеті жанындағы Конфуций институты ұйымдастырды. Байқауға еліміздің түкпір-түкпірінен 45 қатысушы келді. Салтанатты рәсімге ҚХР-ның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Хань Чуньлинь мен Еуразия университетінің проректоры Думан Рамазанұлы қатысып, сөз сөйледі.
Фото: ult.kz
Елші Хань Чуньлинь өз сөзінде конкурсты ұйымдастырғаны үшін ЕҰУ мен Конфуций институтының ұжымына алғысын білдірді. Ол Қытайдың ежелгі өркениеті және бес мың жылдан астам тарихы бар ел екенін атап өттіп, Қытай мен Қазақстан арасындағы достық пен мәдени байланысқа айрықша тоқталды.
Сонымен қатар елші қазақстандық жастарды Қытайды, оның тарихы мен бүгінін, идеялары мен рухани құндылықтарын жақсы түсіну үшін және екі ел арасындағы ынтымақтастыққа көпір болу үшін жастарды қытай тілін белсенді үйренуге шақырды. Ол сондай-ақ қатысушылар Қытай туралы әлемге айтып, қытай мәдениетінің жетекшілері болады деген үмітін жеткізді.
"Жібек жолы рухының" заманауи құндылықтарын жаңғырта отырып, Қытай-Қазақстан достығын және өркениеттер арасындағы өзара алмасудың қозғалтқыштары жастар екенін, олардың үйлесімді өмір сүруіне және өзара байытылуына ықпал ете отырып жүзеге асатынын айтты.
Еуразия Ұлттық университетінің проректоры Думан Рамазанұлы Қытай елшісі Хань Чуньлиньге шараға келіп, қолдау білдіргені үшін алғыс айтты.
Ол өз сөзінде Конфуций институттарының директорлары мен оқытушыларымен, сондай-ақ Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген қатысушылармен амандасқаннан кейін, 2007 жылы Қазақстанда тұңғыш Конфуций Институты құрылғанын атап өтті.
"Бұл достық көпірі екі ел халықтары арасындағы рухани байланыстарды үнемі нығайтып отырады. Еуразия ұлттық университетінің атынан мен Конфуций институтына Қазақстан-Қытай қатынастарын дамыту бойынша 18 жыл бойы қосқан зор үлесі мен жанкешті жұмысы үшін ризашылығымды білдіремін", – деді ол.
Сондай – ақ, Проректор Астана "Бір белдеу - бір жол" бастамасын көтеретін жерге айналып қана қоймай, үш жылда үш рет Қытай көшбасшыларын қабылдағанын да айтып өтті. Оның пікірінше бұл елдер арасындағы стратегиялық сенімнің ерекше деңгейін айқын көрсетеді.
Байқауға 15 студент, 15 орта мектеп оқушысы және 15 бастауыш сынып оқушылары қатысты.
Қатысушылар қытай мәдениеті туралы білімдерін, ауызша сөйлеу дағдыларын, шығармашылық қабілеттерін және сұрақтарға жауап беру қабілеттерін көрсетті.
Фото: ult.kz
Тақырыптық баяндамаларда қатысушылар "бір әлем – бір отбасы", "қытай тілі – менің жастық шағымның арманы" және "қытай тілінің қуанышы" тақырыптары туралы жеке көзқарастарымен бөлісіп, тілді меңгерудің жоғары деңгейін және қытай мәдениетін терең түсінгендерін дәлелдеді.
Шығармашылық байқауда өнерпаздар би билеп, ән айтып, поэзия оқу мен дәстүрлі аспаптарда ойнап, көрермендерді қуантты. Шарада Пекин операсы мен каллиграфия элементтері де болды.
Фото: ult.kz
Ұйымдастырушылар "мұның бәрі қатысушылардың қытай мәдениетіне деген шынайы сүйіспеншілігін көрсетті" деп отыр.
Сұрақ - жауап кезеңі тыңдау дағдыларын, грамматиканы және импровизация қабілетін тексерді, онда қатысушылар қытай тарихы мен мәдениеті туралы жақсы тілдік қор мен мол білімдерін көрсетті.
Байқау қорытындысы бойынша әр санатта бірінші, екінші және үшінші дәрежелі иегерлер анықталды, сондай-ақ үздік оқытушылар мен ұйымдастырушыларға ерекше жетістіктері үшін марапаттар табысталды.
Қанапияұлы Досхан (Алматы), Кассенова Аяулым және Қанатова Райана (Астана) студенттік, жоғарғы мектеп және кіші сынып санаттарында жеңімпаз атанды. Олар Қазақстанды Қытайдағы "қытай тілі көпірі-2025" байқауының әлемдік финалында таныстырады.
2002 жылдан бері өткізіліп келе жатқан "қытай тілі көпірі" байқауы қытай тілінен "олимпиада" деп аталады.
Ұйымдастырушылардың сөзінше ол Қытайды әлеммен байланыстыратын мәдени, достық және рухани көпірге айналды. Әлемнің түкпір-түкпірінен келген жастарға тіл білімін көрсетуге, тәжірибе алмасуға, қытай мәдениетін түсінуді тереңдетуге және қытай мен басқа елдер арасындағы гуманитарлық ынтымақтастық пен дәстүрлі достықтың сабақтастығына ықпал ете отырып, халықтар арасындағы достықты нығайтуға мүмкіндік берді.