16 ақп, 2021 сағат 07:15

Қазақстанда өңірлердің инвестициялық рейтингі жасалады

Өңірлердің инвестициялық рейтингі әзірленіп, Президент қарауына енгізіледі. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді облыс әкімдері орынбасарларының функционалдық міндеттерін қайта қарауды ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Жыл қорытындысы бойынша инвестициялық штабта қаралатын өңірлердің инвестициялық рейтингі әзірленіп, Президенттің қарауына енгізіледі. Сонымен қатар салалық министрліктер мен квазимемлекеттік ұйымдарда да инвесторлармен жұмыс жасау мәселесінде бытыраңқылық бар», - деді Премьер-Министрдің орынбасары. 

Осыған орай, Мұхтар Тілеуберді бірінші басшылар нақты жоспарлары мен көрсеткіштері бар инвесторлармен жұмыс істеу үшін жауапты орынбасарларын айқындауы қажеттігін баса айтты.

«Асқар Ұзақбайұлы, отырыс хаттамасына тиісті тапсырмалар енгізуіңізді сұраймын», - деді ол Премьер-Министр Асқар Маминге қарата.