02 нау, 2023 сағат 12:56

Жемқор шенеуніктерден тәркіленген ақша қалай жұмсалады?

Фото: Reuters/Pixstream

Премьер-министрдің орынбасары - қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев жемқорлыққа жол берген шенеуніктерден тәркіленген қаражаттан Қаржы министрлігі шотына қанша ақша аударылғанын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz.

Қаржы министрінің айтуынша, қазірдің өзінде жемқор шенеуніктерден тәркіленген 120 миллиард теңге арнайы есепшотқа жиналған. Ол ақша қалай жұмсалатынын да айтты.

"Қазіргі уақытта бұл есепшотта 120 миллиард теңге бар. Қазір Оқу-ағарту министрлігінің өтініштерін күтіп отырмыз. Қажеттілік бар мектептерді жөндейміз. Бұл - үш ауысымды мектептер, онда жедел жөндеу жұмыстары жүргізілу керек, белгілі бір кеңейту жұмыстары аяқталуы керек. Қазір өтініш беру процесі жүріп жатыр. Біз оларды жасақтаған бойда республикалық бюджет комиссиясына береміз, содан кейін бұл ақшаны аймақтарға жібереміз", - деп түсіндірді Ерұлан Жамаубаев.