04 қаз, 2022 сағат 13:58

Қазақстандағы автокөліктер саны аталды


Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов Қазақстанда қанша көлік тіркелгенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

"2019 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін шетелдік тіркеуі бар автокөліктерді (шамамен 300 мың) қосқанда, автокөлік саны 3,9 миллионнан 5 миллионға дейін өсті. Бұл жағдайда автопарк қартайған. Еліміздегі автокөліктердің 50 пайыздан астамының пайдалану мерзімі 20 жылдан асады", - деді ІІМ басшысы Үкімет отырысында.

Сонымен қатар, Ахметжанов көліктердің тозуы туралы айтты.

"Осыған орай, көліктердің техникалық жағдайына тиісті бақылау қамтамасыз етілмей отыр. Техникалық байқау орталықтарын ашу талаптары қысқарғаннан кейін одан өтуге жалған талондар беру тәжірибесі кең етек алды", - деді ішкі істер министрі.