08 нау, 2021 сағат 09:00

Қазақстандағы кәсіподақтар қалай жұмыс істейді?

Қазіргі таңда елімізде жұмысшылар мен ұжымның мүддесін қорғайтын ең ірі Кәсіподақтар федерациясы бар.  Қазақстан Республикасындағы кәсіподақ федерациясына мүше 2 миллионнан астам адам бар. Демек, олардың құқын қорғау  – кәсіподақтың қолында. Осы орайда «Ұлт» порталы «еліміздегі кәсіподақтар қалай жұмыс істейді?», «оның қажеттілігі қанша?», «жұмысшылар кімге арқа сүйеуі керек?» деген сияқты суалдарға жауап іздеп көрді.

Қазақстандағы Кәсіподақтар федерациясының жұмысы

Жоғарыда айтқанымыздай, Қазақстанда жұмысшылар мен ұжымның мүддесін қорғайтын ең ірі Кәсіподақтар федерациясы жұмыс істейді. Оның төрағасы – Бақытжан Әбдірайым. Әлемдегі падемия, еліміздегі карантин кезінде экономикада қазіргідей нарықтық қатынастарға дендеп енген тұста  еңбек дауларының көбеюі заңдылық. Аталған федерация дәл қазіргі уақытта осы бағытта жұмыс істеп отыр.

«Біз бүгінгі таңда жұмысшылардың мүддесін қорғау үшін лайықты жұмыс істеп жатырмыз деп ойлаймын. Дәл қазіргі пандемия кезінде белсенді жұмыс істеп жатқан ұйым некен-саяқ. Біз қазіргі таңда еңбек дауларының көбеюіне байланысты әр аймақта Кәсіподақтар федерациясының жанынан «Татуласу орталығын» құрғанбыз. Ондағы мақсатымыз, мұндай орталықтар екі тараптың кикілжіңін болдырмайды және орын алған оқыс оқиғаның алдын алады», - дейді Кәсіподақтар федерациясының төрағасы Бақытжан Әбдірайым.

Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасындағы кәсіподақ федерациясына мүше 2 миллионнан астам адам бар. Демек, олардың құқын қорғау  –кәсіподақтың қолында. «Татуласу орталығының» құрылу себебінің сыры да осы. Қазір елімізде осындай 17 орталық бар.

Кәсіподақтың мақсат-міндеттері

Жоғарыда айтқанымздай, Кәсіподақ қызметі – үлкен күш. Бұл әлеуметтік маңызы бар ұйым. Қарапайым жұртшылық, кәсіподақ санаторийге жолдама алып беру деп түсінетін сияқты. Бұл өте қате пікір.

Кәсіподақтың негізгі міндеті – қарамағындағы жұмысшылардың құқығын қорғау.

Естеріңізде болса, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев жұмысшылардың құқы қорғалуы қажеттігін әрдайым айтып келеді.осы орайда кәсіподақтың мақсат-міндеттерін түсіндіріп көруге тырысайық.

Мәселен...

Жұмысшы өндіріс жағдайында әртүрлі жазатайым оқиғалар орын алып қалса,  құқын кім қорғайды? Жұмысшы кімге арқа сүйеуі керек? Өнідіріс базасында әртүрлі жағдай болса, кімге жүгінеді?

Әрине, кәсіпдақ ұйымына. Жұмысшы қайда, не істесе де, қай жерде, қандай мекемеде жұмыс істесе де ең алдымен өз құқығын білуі керек. Мұндай жағдайда тек қана кәсіподақ көмекке келе алады.

Өйткені кәсіподақ ұйымы үнемі  әлеуметтік бастамаларға қолдау білдіріп отырады. Әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасыларды үнемі қамқорлыққа алады, жалғызбасты аналарға қолдау көрсетеді. Олардың еңбек демалысын лайықты өткізуге мүмкіндік береді.

«Кәсіподақтар туралы» заң не дейді?

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасымен 2014 жылы «Кәсіподақтар туралы» заң қабылданған. Аталған заң еңбек ұжымы мен ондағы басшылар арасында әртүрлі жағдайлар, атап айтқанда келіспеушіліктер орын алуына жол бермейді.

Қазіргі уақытта жергілікті билік қана емес, шетелдіктердің басқаруындағы өндірістегі орын алатын еңбек дауларында кәсіподақ отандық  жұмысшылардың құқын қорғауда. Мәліметке жүгінер болсақ, кәсіподақ ұйымының араласуының арқасында еңбек даулары 2,5 есеге дейін азайған. Қазіргі кезде жұмыс жағдайында немесе өндірістік жарақат алғандардың да саны кеміді.

Сонымен қатар, кәсіподақ ұйымының беделі әсіресе, мыңдаған жұмысшылар істейтін кәсіпорын мен өндіріс орындарында өте жоғары. Ендігі уақытта кәсіподақтың абыройын шағын және орта кәсіпкерлік саласында арттыру көзделіп отыр.

Естеріңізге сала кетейік, қазіргі таңда елімізде жұмысшылар мен ұжымның мүддесін қорғайтын ең ірі Кәсіподақтар федерациясы бар.  Қазақстан Республикасындағы кәсіподақ федерациясына мүше 2 миллионнан астам адам бар. Демек, олардың құқын қорғау  – кәсіподақтың қолында. Осы орайда «Ұлт» порталы «еліміздегі кәсіподақтар қалай жұмыс істейді?», «оның қажеттілігі қанша?», «жұмысшылар кімге арқа сүйеуі керек?» деген сияқты суалдарға жауап іздеп көрген болатын.