24 ақп, 2023 сағат 13:52

Қазақстандықтар әлеуметтік төлемдерді цифрлық теңгемен қашан алатыны белгілі болды

Сурет ашық дереккөзден алынды

Ұлттық банктің төрағасы Ғалымжан Пірматов қазақстандықтардың әлеуметтік төлемдерді цифрлық теңгемен қашан алатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz сайты.

"Цифрлық теңгеге келетін болсақ, барлығы жоспар бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр. Естеріңізде болса, біз оның толық кіріспесін жасауды бірнеше жылға создық. Биыл біз пилоттық мемлекеттік органдар мен пилоттық әлеуметтік төлемдерді іріктеу процесіндеміз.

Яғни, жыл соңына қарай қазақстандықтар белгілі бір әлеуметтік төлемдерді алу бойынша және біздің пилоттық жобамызға түсетін мемлекеттік органдарда мемлекеттік сатып алуларға қатысу бойынша цифрлық теңгені нақты пайдалана алады", - деді Пірматов Ұлттық банктегі брифингте.