29 нау, 2026 сағат 12:21

Қазақстандықтардың өмір сүру ұзақтығы артты

Фото: Ақорда

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 2025 жылы бұл көрсеткіш 75,97 жасты құрады, деп хабарлайды Ult.kz.

Қалалық жерлерде өмір сүру ұзақтығы ауылдық жерлерге қарағанда жоғары: тиісінше 76,63 және 74,81 жас.

Өңірлер бойынша ең жоғары көрсеткіш Алматыда – 78,83 жас және Астанада – 78,78 жас. 

Ең төменгі көрсеткіш Ұлытау облысында – 73,56 жас.