29 сәу, 2024 сағат 13:25

Қазгидромет Қазақстанның 7 облысында өрт қаупі жоғары екенін мәлімдеді


Фото: ҚР ТЖМ
Маңғыстау облысының басым бөлігінде, Қызылорда облысының орталығында, оңтүстігінде, Түркістан облысының солтүстігінде, Атырау облысының оңтүстігінде, Жетісу облысының солтүстігінде, Абай, Қарағанды облыстарының оңтүстігінде жоғары өрт қауіпі сақталады. Бұл туралы Астанада өткен брифингте “Қазгидромет” РМК  баспасөз хатшысы Алина Ысмағұлова мәлімдеді деп хабарлайды "Ұлт Ақпарат".


"Атмосфералық фронталды бөліктер ҚР территориясының басым бөлігінде тұрақсыз ауа-райын сақтайды, найзағаймен жаңбыр, оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын жауады. Тек еліміздің оңтүстік-батысына, солтүстік-батысында, орталығына антициклон жотасы әсерінен жауын-шашынсыз ауа-райы күтіледі. Республика бойынша желдің күшеюі, батысы мен солтүстігінде бұршақ, оңтүстік-батысы мен оңтүстігінде дауыл, шаңды дауыл, оңтүстік-шығысында тұман күтіледі. Түнде Жамбыл облысының шығысында, таулы аудандарында 2 градус үсік күтіледі. ", - депді “Қазгидромет” РМК  баспасөз хатшысы Алина Ысмағұлова Қазақстан аймақтарында 2024 жылғы 29 сәуірде болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжау консультациясында.