09 жел, 2022 сағат 12:33

Газ бағасын ұстап тұру тағы 6 айға ұзартылмақ


Сұйытылған газдың қолданыстағы шекті бағасын 2023 жылдың шілдесіне дейін қалдыруды көздейтін бұйрық жобасы талқылануда, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Құжат қабылданса, жанар-жағармай стансаларындағы сұйытылған газдың бағасын реттеу тетігі 2023 жылдың 30 маусымына дейін ұзармақ.

Қазір қолданылып жүрген 5 шілдедегі бұйрық бойынша, сұйытылған газдың шекті бағасы Астана үшін литріне 70 теңге, Алматы үшін 65 теңге және өңірлер үшін 50-ден 75 теңгеге дейін деп белгіленген.

Өңірлердегі бойынша жеке тоқталсақ, солтүстіктегі шалғай аудандарда баға - 75 теңгеден, батыстағы мұнай мен газға бай аудандарда 50 теңгеден бекітілген.

Бұйрық 2023 жылдың 1 қаңтарына дейін күшінде болған. Енді оны тағы 6 айға ұзарту ұсынылып отыр.

Құжат 12 желтоқсанға дейін көпшілік талқылауында болады.