30 қаң, 2023 сағат 10:12

"Қазпошта" Желіде тараған видеоға қатысты пікір білдірді

видео кадры

Қазпошта филиалдардың бірінде жүк тиеу кезінде түсірілген видеоға қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz порталы.

Әлеуметтік желіде Алматы облысы Іле ауданында "Қазпошта" бөлімшелерінің бірінің қызметкерлері ғимарат кіреберісінен қара пакетті домалатып түсірген сәттің видеосы пайда болды.

"Telegram-арнасында жарияланған видеоға байланысты, видео авторының болжамы шындыққа жанаспайтынын хабарлаймыз. Жөнелтілген қара пакеттерде хаттар мен сәлемдемелер болмаған. Барлық пошта жөнелтілімдері талаптарға сәйкес көліктерге тиеледі", - деді "Қазпошта" АҚ PR қызметі өкілдері.

Назар аударыңыз, видеода әдепсіз сөздер бар!