30 жел, 2022 сағат 13:24

Келесі жылы автогаз бағасы қандай болады?


Мемлекет автокөлікке жанармай құю үшін сұйытылған мұнай газының бөлшек саудадағы бағасын реттеуді жалғастырады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz порталы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің (БӘҚА) сайтына сілтеме жасап.

29 желтоқсанда ведомство басшысының көлік құралдарына жанармай құюға арналған сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада сату бағасын мемлекеттік реттеуді 2023 жылдың 30 маусымына дейін ұзартуды көздейтін жаңа бұйрығы күшіне енді.

Айта кетейік, Мемлекет басшысының 2022 жылғы 5 қаңтардағы тапсырмасы бойынша 5 шілдеде автогаз құю станцияларынан сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада өткізуге шекті бағалар белгіленген еді. Газ бағасы өңірге байланысты литріне 70 теңгеге дейін болды. Аталған бұйрықтың қолданылу мерзімі 2023 жылғы 1 қаңтарда аяқталады.

- Астана - литріне 70 теңге;
- Алматы - литріне 65 теңге;
- Ақтөбе, Атырау, Маңғыстау облыстарында литріне 50-55 теңге;
- Ақмола, Алматы, Қостанай, Қарағанды, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Жетісу және Ұлытау облыстарында - литріне 70-75 теңге;
- Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда, Түркістан және Абай облыстарында литрі 60-65 теңге.