06 қаң, 2023 сағат 18:26

Келімбетов қызметінен босатылды

Фото ашық дереккөзден алынды

"Астана" халықаралық қаржы орталығының басшысы ауысты, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Мемлекет басшысының Жарлығымен Қайрат Нематұлы Келімбетов "Астана" халықаралық қаржы орталығының басқарушысы лауазымынан босатылды", - делінген хабарламада.

Президент Жарлығымен бұл қызметке Ренат Бектұров тағайындалған.

"Ренат Нұрмолдаұлы Бектұров "Астана" халықаралық қаржы орталығының басқарушысы лауазымына тағайындалсын", - делінген Жарлық мәтінінде.