26 ақп, 2026 сағат 11:04

Халықаралық әуе қатынасы: 2026 жылғы жаңа бағыттар жарияланды

Фото: ашық дереккөз

2026 жылы Қазақстан халықаралық маршруттық желіні кезең-кезеңімен кеңейтуді жалғастырады. Алдағы уақытта Азия, Таяу Шығыс және Еуропа бағытында бірқатар жаңа рейстер ашылып, қолданыстағы бағыттар жаңғыртылмақ, деп хабарлайды Ult.kz.

Ұшу географиясын кеңейту отандық әуе компаниялары мен шетелдік тасымалдаушылар есебінен жүзеге асырылады.

SCAT жаңа бағыттарды іске қосады

SCAT әуекомпаниясы Шымкент қаласынан бірнеше халықаралық рейсті бастайды:

  • Бішкек (Қырғызстан) – 29 наурыздан;

  • Новосібір (Ресей) – 19 мамырдан;

  • Санкт-Петербург (Ресей) – 1 маусымнан;

  • Тель-Авив (Израиль) – 9 маусымнан.

Air Astana халықаралық желіні кеңейтеді

Air Astana келесі бағыттарды ашады:

  • Алматы – Шанхай (Қытай) – 29 наурыздан;

  • Астана – Гуанчжоу (Қытай) – 2 маусымнан;

  • Алматы – Ларнака (Кипр) – 2 маусым мен 5 қыркүйек аралығында (маусымдық);

  • Астана – Ларнака (Кипр) – 4 маусым мен 6 қыркүйек аралығында (маусымдық);

  • Алматы – Даламан (Түркия) – көктемгі-жазғы навигация кезеңінде;

  • Алматы – Салала (Иордания) – 9 наурыздан;

  • Астана – Салала (Иордания) – 9 наурыздан.

Сонымен қатар, 2026 жылы Алматы – Токио (Жапония) бағытын ашу мүмкіндігі қарастырылып жатыр.

FlyArystan жаңа рейстерді ұсынады

FlyArystan әуекомпаниясы:

  • Алматы – Самарқанд (Өзбекстан) – 17 наурыздан;

  • Алматы – Сиань (Қытай) – маусым айында (слоттарды келісу күтілуде);

  • Ақтау – Үрімші (Қытай) – маусым айында іске қосуды жоспарлап отыр.

Сондай-ақ Алматы – Эр-Рияд (Сауд Арабиясы) бағытын ашу жоспарда бар.

Шетелдік әуекомпаниялар да жаңа рейстер ашады

  • LOT Polish Airlines 31 мамырдан бастап Алматы – Варшава бағытын іске қосады;

  • Air Arabia Dammam Алматы – Даммам (Сауд Арабиясы) рейсін ашуды жоспарлап отыр;

  • Royal Jordanian Алматы – Амман (Иордания) бағытын орындау мүмкіндігін қарастыруда.

Жаңа маршруттар сауда-экономикалық, туристік және мәдени байланыстарды нығайтып, Қазақстанның жаһандық көлік жүйесіне ықпалдасуына ықпал етеді деп күтілуде.

Маршруттық желіні кеңейту – көлік қатынасын арттыруға және Қазақстанның өңірлік авиациялық хаб ретіндегі позициясын күшейтуге бағытталған азаматтық авиация саласын дамытудың стратегиялық міндеттерінің бірі.