27 мау, 2022 сағат 09:03

Киімі жағажайда қалған. Павлодарда 18 жастағы жігіт жоғалып кетті

instagram/poiskoviki_pavlodara_vita

Павлодарда 18 жастағы жасөспірім жағажайда із-түзсіз жоғалып кетті, оны соңғы рет адамдар өзен жағасында көрген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап.

VITA іздестіру жасағына 17 жастағы ер баланың жоғалғаны туралы хабар түнде жеткен. Еріктілерге хабарсыз кеткен адамның суға батып кетуі мүмкін екені де айтылған.

"Еламан орталық жағажайдағы футбол алаңының тұсында досымен бірге жүріп, оралмаған. Жағажайда адамдардың өте көп болғанына қарамастан, оның қайда кеткенін ешкім көрмеген", - деді VITA іздестірушілері.

Еріктілердің айтуынша, Еламанмен бірге болған танысы оны бір сағаттан аса күтіп тұрған. Келмеген соң заттарын жағаға тастап кетіп қалған. Содан кейін біреу павлодарлық жігіттің сөмкесі мен аяқ киімін алып кеткен.

Облыстық полиция департаменті жасөспірім іздестіріліп жатқаны туралы ақпаратты әзірге растаған жоқ.

VITA волонтерлері қала тұрғындарын жоғалған жігіттің қайда екені туралы мәлімет болса, хабарлауға шақырды.