16 ақп, 2023 сағат 15:44

Көкшетауда жанармай құю бекетінде жарылыс болып, оператор қаза тапты

Фото: Ақмола облыстық ТЖД баспасөз қызметі

Көкшетауда жанар-жағармай құю бекетінде жарылыс болып, 35 жастағы оператор көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат  Ақмола облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, оқиға бүгін 16 ақпанда Көкшетау қаласының Солтүстік индустриялық аймағындағы «Qazaqoil» жанар-жағармай құю стансасының аумағында болған.

Жанармай тасымалдайтын екі цистерна жанып кетті.

«Өрт 11:05-те оқшауланып, 20 минут ішінде толық жойылды. Өрт аумағы 35 шаршы метрді құрады. Өрт салдарынан жанармай құю бекетінің операторы 1988 жылғы ер адам қаза тапты. Өрттің шығу себебі анықталуда», - деді ведомстводан.