27 мау, 2022 сағат 19:08

Қол ұстасып, баланы іздеуге кірісті: Қапшағайдағы видео жұртты елжіретті


Қапшағай су қоймасында түсірілген видео қазақстандықтарды тәнті етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz агенттігі.

26 маусымда су қоймасының жағалауында 8 жастағы бала жоғалып кеткен. Жағалауда демалып жатқан адамдар бір-бірінің қолынан ұстап, тізбек жасап, судан баланы іздеген.

Алматы облысы ТЖД өкілі бала кейінірек Қапшағай су қоймасының жағалауынан аман-есен табылғанын айтты.

"Мұндай тәсілді қоғамдық құтқарушыларға Қапшағай өңірінің жедел-құтқару жасағының құтқарушылары үйретті. Оларды әкімдік Қонаевтың қалалық жағажайында жұмыс істеу үшін жалдайды. Қоғамдық құтқарушылар баланы табу үшін бұл іздеу әдісін демалушылармен бірге құтқарушылар келгенше қолданды. Бұл туралы Алматы облысы ТЖД кезекші байланыс пультіне хабарлама түскен жоқ. Кейін баланың жағалаудан аман-есен табылғаны анықталды", - деді Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі өкілі.

"Осындай әрекеттерден кейін қуаныштан жылағым келеді, Құдайға шүкір, бәрі жақсы, біздің халқымыз қандай ұйымшыл, мейірімді еді", "Құдайға шүкір, көмек қажет болмапты, бала жағада екен", "Адамдар бір біріне көмектескенін көргенде жаның жай табады", - дейді Желі қолданушылары. 

Еске салайық, 26 маусымда Қонаев қаласындағы Қапшағай су қоймасында төрт адам суға батып кетті. Қайғылы оқиға  "Голубой залив" аумағында болған. Бұл адамдардың бәрі туысқан екені айтылды.