18 ақп, 2021 сағат 08:25

Доллар тағы арзандады

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша теңгенің 1 долларға қатысты бағамы тағы арзандады, деп хабарлайды Kurs.kz.

Сауда-саттық мәліметтеріне қарағанда, доллар бағамы 17 ақпан кешімен салыстырғанда 0,86 теңгеге құлдырап, 1 доллардың құны 415,92 теңге болған.

Ұлттық банктің 18 ақпандағы ресми бағамы: 1 доллар - 416,08 теңге.

Kurs.kz мәліметінше, бүгін Алматыдағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 415,62 теңгеден сатылса, ал сатып алу - 417,14 теңге.

Нұр-Сұлтандағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 415,49 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу құны - 416,63теңге.