09 жел, 2022 сағат 17:10

Қорғаныс министрлігі Ресейге жөнелтілген танктер туралы ақпаратты жоққа шығарды


Қорғаныс министрлігі теміржол вокзалында танктер түсірілген видеоға қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Stopfake.kz сайтына сілтеме жасап.

Telegram-да Алматы вокзалында теміржолда тұрған танктердің видеосы тарады. Онда әскери техниканың Ресейге жөнелтілгені айтылған. ҚР Қорғаныс министрлігі бұл ақпаратты теріске шығарды.

"Әлеуметтік желілерде Алматы қаласында теміржол станциясында тұрған бронетехниканы тасымалдау туралы жарияланымға қатысты, бронетехника күрделі жөндеуден кейін одан әрі пайдалану үшін ҚР Қарулы Күштерінің әскери бөлімдеріне жіберілгенін хабарлаймыз", – деді ведомство баспасөз қызметінің өкілдері.