16 нау, 2021 сағат 07:33

Коронавирус: 3 өңір «қызыл» аймақта

16 наурызда Қазақстан өңірлерінде эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасына сәйкес, «қызыл» аймаққа Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары мен Батыс Қазақстан облысы кірді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Ал «сары» аймаққа Ақмола, Қарағанды, Алматы, Атырау облыстары кірген. 
Қалған өңірлер - «жасыл» аймақта. 
Қазақстан Республикасы матрицаға сәйкес «сары» аймақта орналасқан.