12 қаң, 2021 сағат 07:46

Коронавирус: Қостанай облысы «Қызыл» аймақ кірді

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі 11 қаңтардағы ел өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасын жариялады, деп хабарлайды «Ұлт ақпарат».

Кеше, яғни 11 қаңтарда «қызыл» аймақта Ақмола, Атырау облыстары болған еді. Бүгінгі матрица Атырау облысының «қызыл» аймақтан шығып, оған Қостанай облысының енгенін көрсетіп тұр. Ал «сары» аймақта Атырау, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан облыстары, Нұр-Сұлтан мен Алматы қалалары бар. Қалған өңірлердің барлығы - «жасыл» аймақта.

Жалпы Қазақстан аумағы коронавирус бойынша «сары» аймаққа енгізілген.