25 жел, 2020 сағат 07:01

Коронавирус пен пневмониядан бір күнде 14 адам қайтыс болды

24 қарашада Қазақстанда 154 адамнан коронавирусқа ұқсас пневмония анықталған. Бір тәулік ішінде Covid пен коронавирус пневмониясынан 14 адам (3-і – коронавирус пневмониясынан, 11-і коронавирустан) қайтыс болған.

Коронавирусқа ұқсас пневмонияға шалдыққандардың ПТР-тесті әдетте теріс нәтиже көрсетеді, бірақ дәрігерлер ауруды клиникалық белгілері бойынша анықтайды. Денсаулық сақтау министрлігі 1 тамыздан бері пневмонияның бұл түріне жеке код беріп, бөлек есептей бастаған. Содан бері 45 105 адамға коронавирус пневмониясы диагнозы қойылған. 486 адам қайтыс болған. Министрлік әлі күнге дейін аймақтағы пневмония ахуалы жайлы мәліметті бермей келеді.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы коронавирус пен коронавирус пневмониясына шалдыққандарды бірге есептеуге кеңес бергенмен Қазақстанда бұл екі мәлімет бөлек есептеліп, бөлек таратылады. Екі көрсеткішті қосқанда Қазақстанда науқастар 195 303 адамға жеткен.

Наурыз айынан бері 150 198 адамға коронавирус жұққаны тестпен расталған. Басым бөлігі жазылған. 2229 адам қайтыс болған.