16 сәу, 2017 сағат 11:55

Қостанай облысында төрт елді мекенді су басты

Қостанай облысы Қарасу ауданында 4 елді мекенді су басты, деп хабарлады ҚазАқпарат тілшісі ТЖК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Су басқан аумақтағы халықтарға алдын ала қауіп туралы хабарланып, эвакуация жүргізілді, малдар қауіпсіз жерге жеткізілді.

Су ағызуды жақсарту үшін 300 метр жер қазылды.

Зеленовка ауылында бес үйді және 10 ауланы су басты. 53 адам эвакуацияланды, 10 адам туыстарына жеткізілді, 43 адам ауыл мектебіне орналастырылды.  

Октябрьский кентінде Ленин көшесінен  өзенге қарай су ағызу арнасы орнатылды. Бес үй мен бес ауланы су басты, бір адам эвакуацияланды.

Қарамырза кентінде ұзақтығы 45 метр үш су бұру арнасы орнатылды. Жеті үй, үш ауланы су басты, 10 адам қауіпсіз жерге көшірілді.

Железнодорожный кентінде екі үй мен екі ауланы су басты, 30 адам қауіпсіз жерге көшірілді.

ТЖК-де су басқан жерлерде 100-ден астам адам мен 45 бірлік техника жұмыс істеп жатқанын хабарлады.