Фото: ІІМ
Қостанай облысында 21 жастағы жігіт із-түзсіз жоғалып кетті. Ол 26 сәуір күні Алматыға жұмысқа аттанғаннан кейін байланысқа шықпаған, деп хабарлайды Ult.kz.
Бұл туралы "Дос" іздестіру-құтқару жасағының еріктілері хабарлады. Олардың мәліметінше, Роман Юрцевич Қостанайдан Алматыға жолға шыққан, алайда содан бері оның қайда екені белгісіз.
Жігіттің жанында Пума есімді иті болған. Иттің мойнында алтын түсті қарғыбауы бар.
Белгілері: бойы шамамен 180 см, дене бітімі орташа, көзі көк. Оң аяғында жылан оралған бас сүйек бейнесіндегі татуировкасы бар.
Қазіргі уақытта оның жүрген жері анықталмай отыр. Еріктілер қандай да бір ақпарат білетін азаматтарды 102 нөміріне хабарласуға шақырады.
