09 ақп, 2023 сағат 11:19

Құрылыс компаниясы атышулы көшені алматылықтарға қайтарды

Фото: Tengrinews.kz

Алматыда тұрғын үй кешенін салғысы келген құрылыс компаниясы атышулы көшені тұрғындарға қайтарып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz порталы.

Әңгіме Тимирязев пен Сәтбаев көшелерінің арасында орналасқан Политехническая көшесі туралы болып отыр. Бостандық ауданының тұрғындарымен кездесуінде қала әкімі Ерболат Досаев алматылықтар бұл жолды қайта пайдалана алатынын айтты.

"Былтыр желтоқсанның басында Политехническая көшесінің жабылуы қоғамда резонанс тудырды. Құрылыс салушының жобасы бойынша серіктестікке тиесілі бұл көшенің бір бөлігі жабылып, оған екі тұрғын үй кешені салынады деп жоспарланған болатын.

Құрылыс салушы жобаны өзгертті, қазіргі уақытта көше ашық, компанияның жеке қаражаты есебінен жол бөлігі қалпына келтірілді. Ақпанның аяғына дейін жер телімі қаланың коммуналдық меншігіне беріледі", - деді мегаполис басшысы.