02 ақп, 2023 сағат 10:17

Қытаймен шекарадағы құны 5,3 миллиард теңге болатын кешен мемлекетке берілді

көрнекі сурет: Алматы облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

ҚМА Алматы облысы бойынша департаменті Eurotransit Nur Zholy ЖШС-не қатысты соталды тергеп-тексеруді аяқтады, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" ведомство баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Аталған заңды тұлға Қытай Халық Республикасының бейтарап аумағынан Қазақстан Республикасына жүк тасымалдаушы жалғыз оператор бола тұра, қызметке бағаны заңсыз өсірген.

Атап айтқанда, компанияға тиесілі бос жүк машиналары ҚХР-ның бейтарап жағынан тауар тиеп, ЖШС қоймасына қайта оралып отырған. Бұл қызметі үшін бағаны, яғни бір рейске (ұзындығы 3 шақырым) заңсыз жолмен қымбаттатқан. Монополистік қызметтен түскен табыс 4,2 миллиард теңге болды", - делінген хабарламада.

Ведомство мәліметінше, тергеп-тексеру барысында өз кінәсін мойындаған ЖШС басшылығынан мемлекет кірісіне құны 5,3 миллиард теңгеден аса ЖШС активтерін (аумағында көлік-логистикалық ұйым орналасқан 3,6 гектар жер телімі) аудару туралы өтінішхат түскен.