25 мау, 2022 сағат 09:02

Қызылордалықтар сусыз һәм жарықсыз қалды


Қызылордада күннің қатты ысуы салдарынан қаланың бірқатар бөлігі сусыз және жарықсыз қалды. Бұл туралы Қызылорда облысы әкімінің баспасөз хатшысы Абай Тағыберген өзінің Facebook-тегі парақшасында жазды.

«KEGOC» компаниясының қосалқы станциясынан шығатын әуе желілерінің бойында туындаған ақау салдарынан қала аумағында ауыз су тоқтатылып, электр жарығы өшірілді. Мамандардың шұғыл жұмыстары нәтижесінде ауыз су қайта беріле бастады. Ал, электр жарығын қосу жұмыстары әлі жалғасуда. 

Бұл мәселе аймақ басшысының тікелей бақылауында. Қазіргі таңда облыс әкімінің орынбасары Мархабат Жайымбетов ақау орын алған қосалқы станцияға барып, сала мамандарымен бірге мәселені анықтауда», - деді баспасөз қызметінің жетекшісі. 

Абай Тағыберген электр жарығы жақын арада қосылатынын айтып, уәде берді.