06 там, 2019 сағат 19:58

Маңғыстау тұрғындарының 6%-ы атаулы әлеуметтік көмек алады

Маңғыстау облысы халқының 6%-ы атаулы әлеуметтік көмек алушылар қатарында, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

МО Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Қуаныш Берішбаевтың айтуынша, өңірде 707 742 адам тұрады. Оның 6%-ы атаулы әлеуметтік көмекке зәру. Оның ішінде Мұнайлы ауданы бойынша кедейшілік шегінен төмен өмір сүретіндер саны 11%, Бейнеу ауданы бойынша - 10%. Маңғыстау ауданы бойынша - 7%-ды құрап отыр.

«Біз бұған дейін де айтып жүрміз, атаулы әлеуметтік көмек алатындарды тұрақты жұмысқа орналастырып, сондай-ақ, кәсіпкерлікпен айналысу үшін біржолғы төлемдер беру арқылы кедейшілік шегінен шығарып жіберу шараларын алуымыз керек», - дейді Қуаныш Берішбаев.