04 мау, 2025 сағат 14:24

Маңғыстауда 218 млн теңге салық төлемеген тұрғынға қатысты қылмыстық іс қозғалды

Фото: ашық дереккөз

Облыс прокуратурасы салық салу тәртібін тексеру барысында жеке тұлғаның 218 миллион теңгеден астам мүліктік табысына салық төлемегенін анықтады, деп хабарлайды Ult.kz.

Салық кодексіне сәйкес, жеке тұлғаның мүлікті өткізуі кезінде алынған құн өсімінен түсетін кіріс салық салынатын табысқа жатады. Алайда салық төлеушіге бірнеше мәрте жолданған хабарламалар мен ескертулерге қарамастан, есептелген соманы төлемеген.

Анықталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.