20 там, 2025 сағат 12:02

Маңғыстауда 455 келі бекіре балығы тәркіленді

Фото: Gov.kz

Маңғыстау облысында прокурорлар мен «Охотзоопром» қызметкерлері ірі көлемде бекіре тұқымдас балықтарды заңсыз тасымалдау дерегін анықтады, деп хабарлайды Ult.kz.

10 тамыз күні Түпқараған ауданындағы «Ащымұрын» теңіз жағалауында «Toyota Land Cruiser 100» автокөлігін тексеру барысында жүк салғышынан жалпы салмағы 455 келі бекіре табылды. Аталған балық түріне Каспий маңы елдерінде аулауға мораторий жарияланған.

Факт ҚР Қылмыстық кодексінің 339-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Іс материалдары Түпқараған ауданының полиция бөліміне жолданып, тергеу амалдары жүргізілуде.