Фото: ашық дереккөз
Жеке кәсіпкер Дәметкен Шәкенова 1 жылға бас бостандығынан айрылып, сот залында қамауға алынды, деп хабарлайды Ult.kz.
Сонымен қатар, ол 3 жыл қоғамдық тамақтандыру саласында кәсіпкерлікпен айналысу құқығынан айырылды.
Еске салайық, былтыр 6 қыркүйекте Мұнайлы ауданы Бесшоқы ауылындағы №8 мектепте асханада тамақтанған оқушылар жаппай уланды.
Мектеп асханасына жүргізілген тексерулер нәтижесінде ас әзірленетін бөлмеден ішек бактериялары анықталды. 12 қызметкерден стафилококк бактериясы табылды. Ал ыдыс жуушы әйел дизентерияны тасымалдаушы болып шықты. Жеке кәсіпкердің 10 жылдан бері аталған мектепті ыстық тағаммен қамтамасыз еткені белгілі болды.
Бұған дейін Денсаулық сақтау министрлігі Маңғыстау облысындағы мектеп асханаларына жоспардан тыс тексеру жүргізіп жатқанын жазған болатынбыз.