Фото: ашық дереккөз
Қаржылық мониторинг агенттігінің (ҚМА) Маңғыстау облысы бойынша департаменті «Sax Invest» қаржы пирамидасының ұйымдасқан қылмыстық тобына қатысты тергеуді жалғастыруда, деп хабарлайды Ult.kz.
Компания өзін инвестициялық қор, бағалы қағаздар иесі және Африкада алмаз өндіру жобасының қатысушысы ретінде көрсетіп, мыңнан астам салымшыдан 9 млрд теңгеден астам қаражат тартқан.
Тергеу нәтижесінде бұл қаражаттың басым бөлігі пирамиданы ұйымдастырушы Мендығалиевтің жеке шотына аударылып, келесі мақсаттарға жұмсалған:
-
2 млрд теңге казино шығындарына,
-
28 млн теңге «Блайсико» компаниясының үлесін сатып алуға,
-
70 млн теңге екі пәтер сатып алуға,
-
120 млн теңге жеке үй құрылысына,
-
377 млн теңге шетелдік демалысқа,
-
53 млн теңге қызының Лондонда оқуына.
Мендығалиев 2023 жылдың басында 143 салымшымен жалпы сомасы 1,2 млрд теңге медиативтік келісімдер жасасып, 2023 жылдың соңына дейін 7 млрд теңге қайтаруға уәде берген. Алайда, бұл міндеттемелер орындалмады.
Құқықтық шаралар:
-
2024 жылдың қарашасында Мендығалиевке халықаралық іздеу жарияланды.
-
Сот санкциясымен күдіктілердің 600 млн теңгеден астам мүлкіне тыйым салынды, оның ішінде:
-
4 пәтер, 2 жеке үй,
-
2 автокөлік,
-
10 мың USDT цифрлық активтері,
-
«ForteBank» және «Қазақстан Халық Банкі» АҚ-ның бағалы қағаздары.
-
Астана, Ақтөбе, Орал және Ақтау қалаларында пирамиданың бөлімшелерін басқарған 10 адам күдікті ретінде танылды. Олардың 7-уі қамауға алынды.
Тергеу жалғасуда.
