Фото: видеодан скриншот
Бұл туралы Маңғыстау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 278-бабы 2-бөлігі, яғни ғимараттарды, құрылыстарды немесе олардың бөліктерін пайдалануға беру немесе пайдалануға рұқсат беру кезінде қауіпсіздік талаптарын бұзу бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды.
Естеріңізге сала кетейік, бүгін таңғы сағат 6:30 шамасында Қарақия ауданы, Құрық ауылында орналасқан жалпы білім беретін мектеп-гимназиясының акт залының төбесі опырылды. Зардап шеккендер жоқ.
