Фото: egemen.kz
Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев вице-президент Құрылтай жасақталғаннан кейін сайланатынын айтты, деп хабарлайды Ult.kz.
Қазақстанның вице-президенті қызметіне кімнің тағайындалатынына қатысты Сенат төрағасы бұл президенттің құзыретіндегі мәселе, әзірге белгісіз екенін айтып отыр.
“Бұл жалпыхалықтық референдумда қабылданған Конституциямен реттеледі. Қандай шешім қабылдайтынын мемлекет басшысының өзі айқындайды, бұл оның құзыретіндегі мәселе. Құрылтайдың құрамы жасақталғанан соң президент тиісті шешім қабылдайды”, – деді Мәулен Әшімбаев.
Еске салсақ, Ұлттық құрылтай отырысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру мәселесін көтеріп, Ерлан Қарин атқарып отырған Мемлекеттік кеңесші лауазымын қысқарту және оның орнына вице-президент институтын енгізу мүмкіндігін ұсынған еді. Мемлекет басшысы бұл бастаманы билік тармақтары арасындағы үйлесімділікті арттыру және басқару тиімділігін күшейту қажеттілігімен байланыстырды.
Осыған байланысты қоғамда түрлі пікірлер айтылып, жаңа лауазымға кім тағайындалуы мүмкін деген талқылаулар да пайда болды.
