16 сәу, 2026 сағат 12:30

Павлодар қаласында әскери қызметкер қаза тапты


Ашық дереккөзден
Павлодар қаласындағы әскери бөлімдердің бірінде атыс болып, салдарынан бір әскери қызметкер қаза тауып, тағы бір сарбаз жарақат алды, деп хабарлайды Ult.kz.

Ішкі істер министрлігінің мәліметіне сүйенсек, алдын ала ақпарат бойынша келісімшарт негізінде қызмет атқаратын әскери қызметші өзіне табысталған қарудан оқ атқан.

«Оқиға салдарынан әскери қызметші оқиға орнында көз жұмып, тағы бір әскери қызметкер жарақат алған. 2001 жылы туған әскери қызметшіге медициналық көмек көрсетілуде», – делінген ресми хабарламада.


Қазіргі таңда бұл дерек бойынша қылмыстық іс тіркеліп, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Оқиғаның барлық мән-жайы жан-жақты анықталып жатыр.

Аталған іс Әскери-тергеу департаментінің ерекше бақылауына алынған.

Құқық қорғау органдары тұрғындарды тек ресми дереккөздерге сенуге және расталмаған ақпаратты таратпауға шақырды.