05 қаң, 2023 сағат 10:30

McDonald's Қазақстаннан кетуге ниетті - Bloomberg

Фото: mcdonalds.kz

McDonald's фаст-фуд желісі ет жеткізу мәселесіне байланысты Қазақстаннан кетуге ниетті. Бұл туралы сәрсенбіде Bloomberg мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz порталы "Ведомости" басылымына сілтеме жасап.

Басылым мәліметінше, Ресей нарығынан кеткеннен кейін McDonald's Қазақстандағы франчайзилеріне Ресейдегі жеткізушілерден котлеттерге ет сатып алуға тыйым салған.

2022 жылғы қарашада Fod Solutions KZ ЖШС (McDonald's Kazakhstan) иелігіндегі 24 фастфуд мейрамханасы жеткізу мәселесіне байланысты жұмысын тоқтатқан.

12 желтоқсанда Республиканың "Атамекен" Ұлттық кәсіпкерлер палатасы қазақстандық өндірушілердің McDonald's өнімдерін жеткізуге дайын екенін хабарлады.

Дегенмен, Bloomberg мәліметінше, Қазақстандағы франчайзингтер жергілікті немесе еуропалық жеткізушілерден ет сатып ала алмаған, өйткені жоғары бағалар мен көлік құны бизнесті шығынға әкелетін еді.

Сондай-ақ, республикадағы желілік мәселелерді McDonald's-тың Қазақстандағы франчайзингі Қайрат Боранбаевтың 2022 жылғы 17 наурызда квазимемлекеттік сектордағы қаржыны жымқырды деген айыппен қамауға алынуы да қиындатқан.