09 жел, 2022 сағат 08:44

Мемлекет басшысы жаңа елшілерді тағайындады


Мемлекет басшысының жарлығымен Қазақстан Республикасының Болгариядағы, Литвадағы және Албаниядағы елшілері тағайындалды, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Ақорда сайтына сілтеме жасап.

Виктор Валерийұлы Темірбаев Қазақстан Республикасының Болгария Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі болып тағайындалды, ол Қазақстан Республикасының Литва Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі лауазымынан босатылды.

Тимур Бейбітәліұлы Оразаев Қазақстан Республикасының Литва Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі лауазымына тағайындалды.

Қазақстан Республикасының Түркия Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі Еркебұлан Оңалбекұлы Сәпиев Қазақстан Республикасының Албания Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі қызметін қоса атқарушы болып тағайындалды.