06 нау, 2023 сағат 14:28

Наурыздағы мерекелерде халыққа қызмет көрсету орталықтары қалай жұмыс істейді?

сурет ашық дереккөзден алынды

ХҚКО мен арнайы ХҚКО наурыздағы мереке күндері қалай жұмыс істейтіні белгілі болды, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" "Азаматтарға арналған үкіметтің" баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Компания мәліметінше, Халықаралық әйелдер күні мен Наурыз мерекесін тойлауға байланысты Қазақстанның халыққа қызмет көрсету орталықтары мен арнайы халыққа қызмет көрсету орталықтары 8, 21, 22 және 23 наурызда жұмыс істемейді.

Осы аптада, яғни 6, 7, 9 және 10 наурызда ХҚКО және МҚКО-лар әдеттегі кесте бойынша жұмыс істейді. Ал 11 наурыз, яғни сенбіде кезекші ХҚКО-лар азаматтарды сағат 13:00-ге дейін қабылдайды.

Қарапайым халыққа қызмет көрсету орталықтары жұмыс күндері сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін, кезекші ХҚКО-лар – жұмыс күндері сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін, сенбіде – 9.00-ден 13.00-ге дейін жұмыс істейді.

"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік мекемесінің баспасөз қызметі Астана, Шымкент және Қызылорда қалаларында кезекші халыққа қызмет көрсету орталықтарының мекенжайлары өзгергенін еске салды. Елордада Иманов к-сі, 20, Сәтбаев к-сі, 25 және 20-40 к-сі, 2 мекенжайларында орналасқан кезекші ХҚКО-лар жұмыс күндері сағат 20-00-ге дейін қабылдайды.