
Бүгін Үкімет отырысында ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой вакцинациялау кестесі сақталмаған өңірлерді атады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
«Бүгінде өңірлерде 188 мың доза вакцина бар. Вакцинаны жеткізу кестеге сәйкес, кезең-кезеңмен жоспар бойынша жүргізіліп жатыр. Ай соңына дейін2 млн азаматты вакцинациямен қамтамасыз ету жоспарланған. Жұмыс жалғасуда», - деді Алексей Цой.
Оның атап өтуінше, өңірлердегі вакцинацияның күнделікті жоспарының орындалуына мониторинг жүргізіліп отырады.
«Кестеден үш өңірдің, атап айтқанда Нұр-Сұлтан қаласының, Маңғыстау мен Қарағанды облыстарының қалуы байқалады. Осыған орай аталған өңірлердің әкімдіктері вакцинациялау кестесінің сақталуын қамтамасыз етуі қажет», - деді министр.
