Фото: видеодан скриншот
Бүгін таңертең Астанадағы Министрліктер үйінде өрт шықты. Оқиға №11 кіреберісте, Оқу-ағарту министрлігі орналасқан бөлімде тіркелді, деп хабарлайды Ult.kz.
Белгісіз ер адам ғимаратқа кіріп, турникетке жанғыш қоспа лақтырған. Оқиға орнында бірден өрт тұтанып, қауіпсіздік күштері жедел әрекет етті.
Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері өртті жылдам сөндіріп, өрт сөндіргіш құралдарын қолданған. Қазір құқық қорғау органдары күдіктіні ұстады, оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.
