18 қыр, 2021 сағат 14:51

Мұхтар Шахановтың ұлы Рауан Шаханов қайтыс болды


Белгілі қаламгер, ақын әрі ұлт жанашыры Мұхтар Шахановтың ұлы Рауан Шаханов өмірден өтті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Қаралы хабарды әдебиеттанушы Еркінбек Серікбай жеткізді.

"Шаханов Рауан Мұхтарұлы ағамның да дәм тұзы таусылыпты. Ұлт ақыны Мұхтар Шаханұлына және педагог-ғалым Розалинда Әшірбайқызына қайғырып көңіл айтамын. Перзенттеріңіздің Алла алдынан жарылқасын! Бекем болыңыздар!", - деп жазды әдебиеттанушы Facebook парақшасында.

Еркінбек Серікбайдың хабарлауынша, марқұммен қоштасу 19 қыркүйек күні өтеді. Рауан Шахановтың неден қайтыс болғаны айтылмады.