16 ақп, 2021 сағат 08:28

Мұнай-химия саласында құны 2,6 млрд доллар болатын үш зауыт салынып жатыр

Елімізде мұнай-химия саласында құны 2,6 млрд долларлық 3 зауыт салынып жатыр. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Энергетика министрі Нұрлан Ноғаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Биыл жалпы қуаты 557 мың тоннаны құрайтын және салаға 2,6 млрд АҚШ тартатын үш зауыттың құрылыс-монтаждау жұмыстарын аяқтау жоспарлануда. Атап айтқанда: Атырау облысында қуаты жылына 500 мың тонна полипропилен өндіру зауыты, Шымкентте қуаты жылына 57 мың тонна бензиннің октан санын арттыратын қоспа өндіру зауыты және Атырау облысында қуаты 57 млн текше метр азот және 34 млн текше метр құрғақ сығылған ауа өндіру зауыты», - деді Нұрлан Ноғаев.