14 нау, 2023 сағат 15:48

Мусин Байқоңырдағы Роскосмос мүлкін бұғаттауға қатысты пікір білдірді

Фото: russian.space

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин ресейлік БАҚ-тағы "Қазақстан Роскосмостың Байқоңырдағы мүлкіне бірнеше миллиард долларлық бұғат қойды" деген ақпаратқа қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz порталы.

Ресейлік БАҚ Қазақстан Роскосмостың Байқоңырда жұмыс істейтін еншілес құрылымы - жерүсті ғарыш инфрақұрылымы нысандарын пайдалану орталығы мүлкін бұғаттады және одан 13,5 миллиард теңге көлемінде берешекті өндіріп алуға ниетті деген хабарлама жариялады. Басылымдар мәліметінше, жанжал Ресейдің Байқоңырдан кетуіне әкелуі мүмкін, өйткені ресурстарды пайдалануға және қаржылық операцияларды жүргізуге тыйым салу Байқоңырдағы жұмыстың басым бағытын - "Союз-5" зымыраны үшін жаңа ұшыру алаңын салуды тежейді.

Үкімет отырысында журналистер сауалына жауап берген Бағдат Мусин бұғаттау "Байқоңыр" кешенінің мүлкіне қатысты емес, тек жерүсті ғарыш инфрақұрылымын пайдалану орталығына (ЦЕНКИ) қатысты екенін түсіндірді.

"Бір жағынан - "Бәйтерек "БК" АҚ, екінші жағынан - ЦЭНКИ. Олардың АХҚО төрелік сотында сот процестері болды, оның қорытындысы бойынша АХҚО белгілі бір шешім шығарды, нәтижесінде сот орындаушысы Қазақстан Заңы бойынша өз іс-әрекетін жасайды, бұл бүкіл "Байқоңыр" кешенінің мүлкіне және т. б. қатысты емес, бұл ЦЭНКИ-ге, оның Қазақстан аумағындағы мүлкіне қатысты", - деп түсіндірді Мусин Үкімет кулуарында.

Оның айтуынша, жағдайды реттеу үшін келіссөздер жүргізіліп жатыр.

"Бұл шешім қабылданды, болды дегенді білдірмейді. Белгілі бір сот процестері одан әрі жалғасады. Және менің ойымша, сот органдары дұрыс шешім шығарады. Сот шешімі шықты, бірақ одан әрі процестер жалғасады, менің білуімше, қазір ЦЕНКИ басшылығы Қазақстанда, олар компаниямен келіссөздер жүргізіп жатыр және АХҚО соты деңгейіндегі процедураларды жалғастыру керек. Соманы өндіріп алу туралы сот шешімі, қайсысы есімде жоқ. Миллиард немесе екі миллиард көлемінде", - деп қосты министр.