01 сәу, 2024 сағат 10:59

Наталья Годунова Жоғарғы аудиторлар палатасының басшысы қызметінен босатылды


Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Наталья Годунованы Жоғарғы аудиторлар палатасының төрағасы қызметінен босатты. Бұл туралы Ақорда хабарлайды.

«Мемлекет басшысының Жарлығымен Наталья Николаевна Годунова Қазақстан Республикасы Жоғарғы есеп палатасының төрағасы қызметінен босатылды» делінген хабарламада.


Ол 2022 жылғы 28 қарашада Қазақстан Жоғарғы есеп палатасының төрағасы болып тағайындалды.