03 қаң, 2021 сағат 10:30

«Nur Otan»: «Мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін тең әрі қолайлы орта құрамыз»

Бүгін Шымкент қалалық мәслихат депутаттығына үміткерлер Марат Сапарбаев, Байкен Аширбаев және Талғат Балтабаев «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасын таныстырып, үгіт-насихат жүргізу мақсатында "Атамекен" медициналық орталығының ақ халатты абзал жандарымен кездесті. "Атамекен" медициналық орталығы – 200-ден астам маман қызмет көрсететін озық үлгідегі Оңалту Орталығы. Медициналық мекеме 3000 науқасқа дейін қызмет көрсетуге қауқарлы. 

Кандидаттар ұжым қызметкерлерінің ұсыныстарын тыңдап, сұрақтарына жауап берді. Орталық қызметкерлері "Nur Otan" партиясының пандемия кезіндегі қолдау көрсеткенін айтып, партияға деген ризашылықтарын білдірді. Алдағы сайлауға белсенді түрде қатысып, еліміздің жетекші партиясына дауыс беретінін де айтты.



«Қашан да «Nur Otan» партиясының басты құндылығы — адам, оның жайлы және бақуатты өмір сүруі мен денсаулығы болған. Сол себепті көшбасшы партия өзінің бағдарламасының топ 10 басымдылығына денсаулық сақтау саласын еңгізіп, орындалуына жіті көңіл бөлуде» – деп атап өтті Марат Сапарбаев. 



Одан әрі Қала бойынша 37 мыңға жуық мүмкіндігі шектеулі жан бар. Үмкіткерлер партияның ерекше қажеттілігі бар азаматтарға тең әрі қолайлы орта құруға жағдай жасайтынын айтты. Осы мақсатта «Nur Otan» партиясының бастамасымен:

  • 2021-2022 жылдары мүгедектерге арналған «Тең қоғам» оңалту орталығы ашылады;
  • 2021-2022 жылдары Оңалту орталығын 70 адамнан – 140 адамға дейін қабылдау қамтамасыз етіледі;
  • 2023-2024 жылдары 150 орындық жаңа «Оңалту орталығы» салынып, пайдалануға беріледі;
  • «Оңалту орталықтарында» кәсіби мамандар (реабилитолог, сурдолог, дефектолог, психолог) тапшылығы шешіледі;
  • Мүмкіндігі шектеулі ерекше балаларға арналған арнайы түзеу білім беру орталықтарының жұмысы жандандырылады;
  • Балалар үйлерінің түлектерін әлеуметтік бейімдеп жұмысқа орналастырылады;
  • Мемлекеттік мекемелер, қоғамдық орындар, саябақтар, сауда объектілері мен ойын-сауық орталықтарындағы пандустардың талаптарға сай болуы қамтамасыз етіледі;
  • Барлық аялдамалар мүмкіндігі шектеулі жандардың ыңғайлығына қарай жабдықталатын болады.

«Nur Otan» партиясы проблемаларды нақты түсінеді және әр азаматтың мүддесі үшін жұмыс істейтін қуатты ресурстарға ие.

«Nur Otan» партиясының Төрағасы, Ұлт Көшбасшысы Н.Ә.Назарбаев пен ҚР Президенті Қ.К.Тоқаев қойған маңызды мемлекеттік міндеттерін іске асыра отырып, партия республикамыздың тұрақтылығы мен дамуын қамтамасыз етеді. 

«Nur Otan» – нақты істер партиясы!

Біз әрқашан біргеміз!

Шымкент қаласындағы "Nur Otan" партиясы сайлау қорының қаражатынан төленді.